Молдова құрамасы Қазақстанмен Ұлттар лигасындағы матчтарға құрамын жариялады

Али Асетов··
Фото: dmitrii.celeadnik / Instagram

Фото: dmitrii.celeadnik / Instagram

Молдова құрамасының бас бапкері Лилиан Попеску УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы матчтарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Шақырту алғандардың қатарында петропавлдық «Қызылжардың» қақпашысы Дмитрий Челядник те бар.

Молдова құрамасының жалпы тізіміне 25 футболшы енді.

Қақпашылар: Дмитрий Челядник («Қызылжар», Қазақстан), Андрей Кожухарь («Азия Талас», Қырғызстан), Эмиль Тымбур («Шериф»).

Қорғаушылар: Олег Рябчук («Андерлехт», Бельгия), Иоан-Цалин Ревенко («Петрокуб»), Владислав Бабогло («Карпаты», Львов), Даниел Думбравану («Волунтари», Румыния), Михаил Герасименков («Ванкувер Уайткэпс», Канада), Михаил Штефан («Динамо», Самарқанд), Юрие Иову («Данди Юнайтед», Шотландия), Кэтэлин Кукож («Петрокуб»).

Жартылай қорғаушылар: Вадим Раца («Арджеш», Питешти), Никита Моцпан («СКА-Хабаровск», Ресей), Виктор Стына («Кяпаз», Әзербайжан), Кристиан Дрос («Влазния», Албания), Штефан Бодиштяну («Ботошани», Румыния), Серафим Кожокарь («Петрокуб»), Сергей Перчун («Асколи», Италия), Ники Клешченко («Килмарнок», Шотландия), Данила Форов («Шериф»), Владимир Фратя («Шериф»), Овидиу Давид («Петрокуб»).

Шабуылшылар: Вирджилиу Постолачи («Брисбен Роар», Аустралия), Дмитрий Мандрыченко («Динамо», Батуми), Петру Попеску («Петрокуб»).

Қазақстан мен Молдова арасындағы алдағы ойын терезесіндегі алғашқы кездесу 2 қазанда Астанада өтеді. Қарымта матч 13 қарашада Кишиневтегі «Зимбру» стадионында ұйымдастырылады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы да алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылар тізімін жариялаған болатын. Ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван’т Схип 28 ойыншыны тізімге енгізді.