Моуринью Мбаппенің жаңа маусым алдындағы дайындығына риза

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью Килиан Мбаппенің жаңа клубтық маусымға дайындығы туралы айтып, француз шабуылшысының жаттығу барысындағы көзқарасына жоғары баға берді.

Әлем чемпионатындағы ойындардан кейін Мбаппеге командаға 14 тамызда қосылуға мүмкіндік берілген. Алайда француз футболшысы демалысын екі күнге қысқартып, «Шалькеге» қарсы матчқа дайындықты ертерек бастау үшін команда орналасқан жерге 12 тамызда келген.

«Әлем чемпионатынан кейін Килиан командаға 14 тамызда орала алатын еді, бірақ ол 12-сі келді. Ол «Шалькемен» ойынға барынша жақсы дайындалғысы келді. Маған оның мұндай ұстанымы ұнайды. Жаттығуларда ол бар күшін салып жұмыс істеп, футболшыларымнан көргім келетін жігерді көрсетіп жүр», — деді Моуринью.

2026 жылғы әлем чемпионатында Мбаппе Франция құрамасының басты қаһармандарының біріне айналды. Шабуылшы турнирде 10 гол соғып, жарыстың үздік сұрмергені атанды.

Франция құрамасы үшінші орын үшін өткен матчқа дейін жетіп, нәтижелі кездесуде Англиядан 4:6 есебімен жеңілді. Осылайша Дидье Дешам шәкірттері әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады.