Мудрик «Челсиден» кетуі мүмкін

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Михаил Мудрик «Челсиге» қайта оралып, жаттығуға кіріскеннен кейін мансабын қай жерде жалғастыратыны әзірге белгісіз.

Украиналық футболшы негізгі құраммен бірге жұмыс істей бастады. Алайда лондондық клубтың жаңа маусымдағы жоспарына енуі әлі де сұрақ күйінде қалып отыр.

The Sun басылымының мәліметінше, 24 жастағы вингерге бірнеше клуб қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде Англия Премьер-лигасының үш командасы және Еуропаның басқа чемпионаттарындағы ұжымдар бар.

Мудрикті алуға ең көп қызығушылық танытып отырған клубтардың бірі – Англияның жоғары дивизионында ойнау құқығына ие болған «Ковентри Сити». Бұл ауысымның ерекшелігі – команданың қазіргі бапкері Фрэнк Лэмпардтың Мудрикпен «Челсиде» бірге жұмыс істегені және оның ойын мәнерін жақсы білетіні.

Дәл Лэмпард кезінде украиналық жартылай қорғаушы негізгі құрам матчтарына жиі шақырылып, «Челси» сапында сегіз кездесу өткізді. Енді ағылшын маманы бұрынғы шәкіртін жаңа жобасына шақыруы мүмкін.

«Челси» әзірге футболшының болашағына қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ. Клуб басшылығы Мудриктің ұзақ үзілістен кейін қайтадан жалпы топпен жаттығып жүргенін растады.

Айта кетейік, 2024 жылдың соңынан бері футболшы допингке қатысты тергеуге байланысты уақытша шеттетіліп, командамен толыққанды жұмыс істемеген болатын.

Мудрик «Челсиден» кетуі мүмкін – sport-hub