Муджеллодағы MotoGP жарысында жеңіске жеткен Марко Беццеккидің өнеріне видеошолу

Бегасыл Амирбай ··
Фото: MotoGP

Фото: MotoGP

Италиялық мотожарысшы Марко Беццекки Муджелло трассасында өткен MotoGP санатындағы Италия Гран-приінің жеңімпазы атанды. Екінші орынға оның Aprilia Racing командасындағы әріптесі Хорхе Мартин ие болды.

Беццекки жарыстың алғашқы айналымында-ақ көш бастады. Ол қашықтықтың басым бөлігінде Франческо Баньяямен тартысты бәсеке жүргізді. 14-айналымда Марко Беццекки қайтадан көш басына шығып, мәреге дейін бірінші орнын сақтап қалды.

Жарысты екінші болып Хорхе Мартин аяқтады. Ол жарыс соңына қарай Баньяяны басып озды. Ал Ducati шабандозы Франческо Баньяя үшінші орынды сақтай қалып, өз жанкүйерлерінің алдында жүлделі тұғырға көтерілді.

Төртінші орынды Ай Огура иеленсе, үздік бестікті Фабио Ди Джанантонио түйіндеді. Алғашқы ондыққа сондай-ақ Педро Акоста, Марк Маркес, Рауль Фернандес, Фермин Альдегер және Диогу Морейра енді.

Марко Беццекки үшін бұл наурыз айынан бергі MotoGP кезеңіндегі алғашқы жеңіс еді. Муджеллодағы табысты нәтижеден кейін ол әлем біріншілігі аясындағы өз позициясын нығайта түсті.

Жарысқа видеошолу:

Муджеллодағы MotoGP жарысында жеңіске жеткен Марко Беццеккидің өнеріне видеошолу – sport-hub