«Нью-Йорк Никс» чемпиондыққа бір қадам қалды
Бөлісу

Фото: Getty Images
«Нью-Йорк Никс» Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) финалдық сериясындағы төртінші матчта «Сан-Антонио Спёрсті» 107:106 есебімен жеңіп, чемпиондыққа бір табан жақындай түсті.
Осылайша, Нью-Йорк клубы сериядағы басымдығын 3:1-ге жеткізді.
Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы «Никс» көшбасшысы Джейлен Брансон болды. Ол қарсылас қоржынына 36 ұпай еншілеп, командасының жеңісіне зор үлес қосты. Ал О Джи Ануноби 33 ұпай жинап, матч қаһармандарының біріне айналды.
«Спёрс» сапында Виктор Вембаньяма 24 ұпаймен көзге түссе, Дилан Харпер өз есебіне 21 ұпай жазды.
Бұл жеңістен кейін «Нью-Йорк Никс» NBA чемпионы атануға бір ғана жеңіс қалдырды. Финалдық серияның бесінші ойыны 14 маусым күні «Сан-Антонио Спёрстің» алаңында өтеді.