Наоми Осака Рыбакинамен матч алдында жарақаты бар екенін айтты

Фото: USOpen.org
Жапониялық теннисші Наоми Осака US Open-2026 турнирін жарақатпен жалғастырып жатқанын айтты. Оның сол аяғындағы ахилл тұсы шөптегі маусымнан бері мазалап келеді.
Осака турнирдің үшінші айналымында Элизе Мертенсті үш сетте 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңді. Шешуші партияның ортасында жапониялық спортшы сол аяғындағы ауырсынуға байланысты физиотерапевттің көмегіне жүгініп, медициналық тайм-аут алды.
«Мұны ауыр жарақат деп айта алмаймын. Бірақ шөптегі маусымнан бері осы мәселемен ойнап келемін. Ол үнемі мазалайды және басылмай қойды», - деді Осака.
Теннисші матч кезінде медициналық үзіліс алғанды ұнатпайтынын да атап өтті. Оның ойынша, мұндай жағдай қарсыласының психологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін.
Дегенмен үзілістен кейін Осака ойынын күшейтті. Есеп 4:3 болған кезде қатарынан үш гейм алып, төртінші матчболын пайдаланып, жеңіске жетті.
Енді Осака US Open-ның 1/8 финалында әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Қазақстандық теннисші бұған дейін Юлия Стародубцеваны 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңген болатын.
Бұл Рыбакина мен Осаканың өзара екінші кездесуі болмақ. Алғашқы матчта қазақстандық теннисші жеңіске жеткен.