Нидерланд құрамасы ӘЧ-2026 қарсаңында Алжирге жеңіліп қалды

Али Асетов··
Фото: Instagram желісіндегі onsoranje парақшасы

Фото: Instagram желісіндегі onsoranje парақшасы

Нидерланд құрамасы Роттердамда өткен жолдастық кездесуде Алжирге 0:1 есебімен жол берді.

Матчтағы жалғыз голды Анис Хадж Мусса соқты. Алжирлік футболшы 86-минутта мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.

Халықаралық жолдастық матч

Нидерланд – Алжир – 0:1

Гол: 86, Анис Хадж Мусса

Нидерланд құрамасы келесі жолдастық ойынын 8 маусым күні Өзбекстан құрамасына қарсы өткізеді.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде нидерландтықтар Жапония, Швеция және Тунис құрамаларымен кездеседі. Ал Алжир құрамасының қарсыластары Аргентина, Иордания және Аустрия құрамалары болады.

Нидерланд құрамасы ӘЧ-2026 қарсаңында Алжирге жеңіліп қалды – sport-hub