Нойер жалақысы қысқарған жаңа келісімшарт бойынша «Бавариямен» келісімге келді

Мануэль Нойер
Мюнхендік «Баварияның» қақпашысы Мануэль Нойер клубпен жаңа келісімшарт бойынша келісімге келді.
Бұл туралы журналист Флориан Плеттенберг Х әлеуметтік желісінде хабарлады.
«40 жастағы аты аңызға айналған футболшы келісімшарт мерзімін 2027 жылға дейін ұзартады. Тараптар толықтай мәмілеге келді. Жалақы қысқарды — нақтырақ салықтарды шегермегенде қазіргі бағалау бойынша Нойер шамамен жылына 20 миллион еуро алады.
Келісімшартқа қол қою рәсімі, егер мүмкіндік болса, сенбі күні «Кёльнге» қарсы өтетін маусымның соңғы үйдегі ойынына дейін жүзеге асады деп жоспарлануда. “Бавария” әзірге ресми мәлімдеме дайындап жатыр», — деп жазды Плеттенберг.
Мануэль Нойер «Бавария» сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Ол клубпен бірге Германияның 13 дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанды.