«Номад» «Алматыны» ойсырата жеңіп, Қазақстан чемпионатында көш бастады

Аружан Талғат··
«Номад» ХК

«Номад» ХК

Астаналық «Номад» хоккейден Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымындағы матчта «Алматыны» ірі есеппен жеңді. Кездесу 6:1 есебімен аяқталды.

Алаң иелері ойынның басынан-ақ басымдық танытты. 16-минутта Темірлан Китаров есеп ашты. «Алматы» 22-минутта Евгений Рымаревтың шайбасымен жауап бергенімен, кейін ойынды елордалық команда бақылауына алды.

Шешуші кезең екінші периодта болды. Никита Мерзликин дубль жасаса, Никита Ситников пен Константин Двуреченский бір-бір шайбадан соқты.

Үшінші кезеңде Абай Маңғыстаев қорытынды есепті белгілеп, «Номад» 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан чемпионаты

«Номад» – «Алматы» – 6:1

Шайбалар: 1:0 – Китаров, 16; 1:1 – Рымарев, 22; 2:1 – Мерзликин, 34; 3:1 – Мерзликин, 39; 4:1 – Ситников, 39; 5:1 – Двуреченский, 46; 6:1 – Маңғыстаев, 51.

Осы жеңістен кейін «Номад» 11 ұпай жинап, турнир кестесінде уақытша бірінші орынға көтерілді.

«Алматы» төрт ұпаймен алтыншы орында тұр.

Астаналықтар үшін бұл қатарынан екінші ірі жеңіс. Бұған дейін «Номад» 6:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Номад» «Алматыны» ойсырата жеңіп, Қазақстан чемпионатында көш бастады – sport-hub