Нұрасыл Төлебек Сербиядағы «Belgrade Winner» халықаралық турнирінде топ жарды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Белградтағы халықаралық турнирде ұлттық құрамаға алғашқы алтын медальді сыйлады.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Финалда Нұрасыл кубалық Винсенте Луис Энрикені төрешілердің біріңғай шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңді. Бұл алтын медаль Қазақстан үшін аталған турнирдегі алғашқы алтын болды.

Нұрасыл Төлебектің финалға дейінгі нәтижелері:

1/2 финал — Эрик Арстамянды (Армения) 4:1 есебімен жеңді

1/4 финал — канадалық Ааян Кхокарды 5:0 есебімен жеңді

1/8 финал — түркиялық Селахатдин Чинибулакты 3:1 есебімен жеңді

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық Ибрагим Бетаев та финалда жұдырықтасады. 90 келіге дейінгі салмақта ол кубалық Уильямс Нельсонмен қолғап түйістіреді.

Нұрасыл Төлебек Сербиядағы «Belgrade Winner» халықаралық турнирінде топ жарды – sport-hub