Басты бет
·
АО-2026

Нұрбек Оралбай ширек финалда жеңілді

Каирбек Тулегенов ··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында бокс додасының ширек финалдық жекпе-жектері жалғасуда.

90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Нұрбек Оралбай өзбекстандық боксшы Турабек Хабибуллаевпен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен Хабибуллаевтың жеңісін тіркеді.

Осылайша Нұрбек Оралбай Азиада-2026 жарысын ширек финалда аяқтады.

Бұған дейін бокс додасында жартылай финалға жолдама алған Төрехан Сабырхан, Махмұд Сабырхан және Наталья Богданова кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз еткен еді.