Нұрғожаев екі лиганың бұрынғы чемпионымен UFC Vegas 120 турнирінде кездеседі

Фото: Getty Images
Қазақстандық жартылай ауыр салмақ файтері Дияр Нұрғожаев тамыз айында UFC ұйымы аясында келесі жекпе-жегін өткізеді.
Оның өнер көрсетуі 8 тамызда Лас-Вегастағы UFC APEX аренасында өтетін UFC Vegas 120 турниріне жоспарланған. UFC Vegas 120
Қазақстан өкілінің қарсыласы тәжірибелі бразилиялық Бруно Лопес болады. 33 жастағы спортшы LFA және Jungle Fight ұйымдарында чемпиондық белбеулерді жеңіп алған. Оның кәсіби мансабында 14 жеңіс және 3 жеңіліс бар.
Нұрғожаев үшін бұл биыл наурыз айында өткен UFC 326 турниріндегі сәтті өнер көрсетуден кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Ол кезде қазақстандық спортшы Рафаэл Тобиасты үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.
Лопес болса соңғы жекпе-жегінде сәтсіздікке ұшырады: наурыздың соңында Сиэтлдегі UFC Fight Night турнирінде ол жаңа зеландиялық Навахо Стерлингке екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.
Айта кетейік, екі спортшының да UFC-дегі көрсеткіші ұқсас: бір жеңіс және екі жеңіліс.