Нұрқожа Қайпанов қарсыласын 65 секундта ойсырата жеңді

ҚР ҰОК
Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін айқын жеңіспен аяқтады.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз 1/16 финалда косоволық Эгзон Хонимен кездесті.
Белдесу небәрі 65 секундқа созылды. Осы уақыт ішінде Қайпанов қарсыласына бірде-бір ұпай бермей, 10:0 есебімен жеңіске жетті. Техникалық басымдығына байланысты төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.
Осылайша, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алып, жүлдеге таласуды жалғастырды.