Нұрзат Оңғаров бокстан Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Нұрзат Оңғаров Джакартада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады.

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Нұрзат Оңғаров Жапония өкілі Дайчи Ивамен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен жекпе-жек төрешілердің 3:2 есебіндегі екіге жарылған шешімімен жапониялық боксшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Нұрзат Оңғаров турнирдегі жарыс жолын аяқтады.

Еске салайық, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасының сапында 39 боксшы бар.

Нұрзат Оңғаров бокстан Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады – sport-hub