«Олимпиакос» — 2025/26 маусымындағы Еуролига жеңімпазы

Каирбек Тулегенов ··
«Олимпиакос» — 2025/26 маусымындағы Еуролига жеңімпазы

Грекия астанасы Афинада Еуролига чемпионатының финалдық матчы өтті.

Онда «Олимпиакос» мадридтік «Реалды» жеңіп, тарихында төртінші рет осы турнирдің жеңімпазы атанды.

Пирей клубы «Реалды» 92:85 (19:26, 27:18, 15:21, 27:18) есебімен ұтып, Еуропаның ең үздік командасы атағын иеленді. Ал испаниялық клуб турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

«Олимпиакостың» көшбасшысы франциялық қорғаушы Эван Фурнье болды. Ол матчта 20 ұпай жинап, 5 рет допты қайтарып алып және 4 нәтижелі пас берді.

«Реал» сапында ең нәтижелі ойыншы канадалық форвард Трей Лайлз атанды. Ол өз еншісіне 23 ұпай, 8 ребаунд және 1 нәтижелі пас тіркеді.

«Олимпиакос» — 2025/26 маусымындағы Еуролига жеңімпазы – sport-hub