Оңтүстік Корея әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Оңтүстік Корея құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Чехияны 2:1 есебімен жеңді. А тобының бірінші турындағы матч корей футболшыларының пайдасына аяқталды.

Есеп ойынның 59-минутында ашылды. Чехия құрамасының қорғаушысы Ладислав Крейчий бұрыштамадан кейін командасын алға шығарды. Алайда сегіз минуттан соң Хван Ин Бом таразы басын теңестірді. Ал 80-минутта О Хён Гю жеңіс голын соғып, Оңтүстік Кореяға үш ұпай сыйлады.

2026 жылғы әлем чемпионаты. А тобы. 1-тур

Оңтүстік Корея – Чехия – 2:1

Голдар: Хван Ин Бом 67, О Хён Гю 80 – Ладислав Крейчий 59.

Бірінші турдан кейін А тобында Мексика құрамасы көш бастап тұр. Олар бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңген болатын. Оңтүстік Корея екінші орынға жайғасса, Чехия үшінші сатыда келеді. Ал ОАР құрамасы топ кестесінің соңында тұр.

Екінші турда корейлер 19 маусым күні Мексикамен кездеседі, ал 25 маусымда ОАР құрамасына қарсы ойнайды. Чехия құрамасы 18 маусымда ОАР-мен күш сынасып, топтық кезеңді Мексикаға қарсы матчпен аяқтайды.