«Оқжетпес» ҚПЛ матчында «Алтайды» жеңді
Бөлісу

Фото: «Окжетпес» ФК ресми сайты
Көкшетаулық «Оқжетпес» Премьер-лиганың 11-туры аясында сырт алаңдағы ойында өскемендік «Алтайды» 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудегі жалғыз гол 13-минутта соғылды. Мергендік тантқан ресейлік қорғаушы Иван Кузьмичёв болды.
Әрі қарай алаң иелері белсенді шабуылдағанымен, есепті өзгерте алмады.
11 матчтан кейін «Оқжетпес» 22 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал «Алтай» 8 ұпаймен 13-сатыға тұрақтауда.
Келесі турда «Оқжетпес» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Ал «Алтай» өз алаңында елордалық «Астанамен» кездеседі.