«Ордабасы» Димитар Митковтың клубтан кеткенін хабарлады

Фото: «Ордабасы» ФК
Шымкенттік «Ордабасы» кадрлық өзгерістер туралы мәлімдеді. Клуб болгарлық шабуылшы Димитар Митковпен келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатты.
Клубтың баспасөз қызметі атап өткендей, тараптар келісімді өзара келісім бойынша мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім қабылдаған.
Шабуылшы командадан «Ордабасыға» келгеніне жарты жыл өтпей кетіп отыр. Митков шымкенттік клубқа 2026 жылдың қаңтарында қосылған болатын. Осы уақыт ішінде 26 жастағы форвард 13 матч өткізді. Оның еншісінде төрт гол және екі нәтижелі пас бар.
Клуб футболшыға командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.
«Ордабасыға» ауыспас бұрын болгар шабуылшысы пловдивтік «Ботев» сапында өнер көрсеткен.
2021 жылы Митков Болгарияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына да шақырылып, ол үшін төрт матч өткізген. Ойыншының қазіргі нарықтық бағасы 275 мың еуроға бағаланып отыр.