«Ордабасы» шабуылшысы «Ертіске» ауысуы мүмкін
Бөлісу

Фото: «Ордабасы» ФК
«Ордабасы» клубының болгариялық шабуылшысы Димитар Митков павлодарлық «Ертіс» командасына ауысуы мүмкін.
ASnews.kz мәліметінше, 26 жастағы форвард шымкенттік клубтан кетуге жақын. Бұған легионерлер санына қойылған шектеу себеп болып отыр. Норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсеннің командаға қосылуынан кейін «Ордабасы» сапында 11 шетелдік ойыншы болып тұр, ал ҚПЛ регламенті бойынша 10 легионерден артық тіркеуге рұқсат жоқ.
Осыған байланысты клуб бір ойыншымен қоштасуға мәжбүр.
Айта кетейік, Митков осы маусымда барлық турнирлерде 13 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген