Басты бет
·
Lifestyle

«Өрмекші адам: Жаңа күн» жаңа көріністермен қайтадан прокатқа шығады

Бекарыс Әлімхан··
«Өрмекші адам: Жаңа күн» жаңа көріністермен қайтадан прокатқа шығады

Sony Pictures «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмін бұрын көрсетілмеген жаңа көріністермен толықтырып, кинотеатрларға қайта шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Deadline басылымы хабарлады. Қайта прокатқа шығу күні мен фильмге қосылатын жаңа эпизодтардың тізімі әзірге жарияланған жоқ. Шетелдік БАҚ мәліметінше, жаңартылған нұсқа бастапқы монтажға енбей қалған көріністерді қамтиды. Сондай-ақ фильм 6 қазаннан бастап цифрлық платформаларда сатып алуға қолжетімді болады.

Еске салайық, фильм Солтүстік Америкада 31 шілдеде, ал Қазақстанда 6 тамызда прокатқа шықты. Картина әлем бойынша шамамен 2,5 млрд доллар жинап, кино тарихындағы ең көп касса жинаған фильмдердің үздік үштігіне енді. Қыркүйекте «Жаңа күн» АҚШ пен Канададағы прокат бойынша рекорд орнатып, «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» фильмінің 936,7 млн долларлық көрсеткішінен асып түсті.

Фильмнің режиссері – Дестин Дэниел Креттон. Басты рөлдерді Том Холланд, Зендея, Сэди Синк, Джейкоб Баталон, Джон Бернтал, Майкл Мэндо және Марк Руффало сомдады.

«Өрмекші адам: Жаңа күн» жаңа көріністермен қайтадан прокатқа шығады – sport-hub