«Өте үлкен мәселе»: Виейра Роналдудың Португалия құрамасындағы рөлі туралы қатты сын айтты

Фото: Getty Images
Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы капитаны Патрик Виейра Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду туралы әлем чемпионаты-2026 басталғаннан кейін резонансты пікір білдірді.
Франциялық маманның пікірінше, 41 жастағы форвардтың алаңдағы болуы Португалия бапкері Роберто Мартинес үшін үлкен қиындық тудырып отыр. Виейра бапкер шешімді ең алдымен команданың мүддесіне сүйеніп қабылдауы керек, ал Роналдуның беделі екінші орында тұруы тиіс екенін айтты.
«Роналду - Мартинес үшін үлкен мәселе. Бапкер алдымен құраманы және оның нәтижесін ойлауы керек, содан кейін ғана Криштиануды», — деді Виейра Netflix Sports әлеуметтік желісі X-тағы жазбасына сілтеме жасап.
Бірінші турда Португалия күтпеген жерден ұпай жоғалтып, Конго ДР құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Криштиану Роналду матчты толық ойнағанымен, гол да, нәтижелі пас та жасай алмады.
Келесі матч 23 маусымда Португалия мен Өзбекстан құрамасы арасында өтеді. Ал топтық кезеңдегі соңғы ойын 28 маусымда Португалия мен Колумбия құрамасы арасында болады.