«Панатинаикос» «Қайратқа» қарсы матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

«Панатинаикос» ФК
«Панатинаикос» бас бапкері Якоб Нееструп УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылар құрамын анықтады.
Sport FM мәліметінше, Грекия клубы Қазақстанға 24 футболшыны алып келеді. Тізімге Виктор Кристиансен, Адриано Ягушич және Аззедин Унаи енбеді. Ал Унаидің орнына испаниялық жартылай қорғаушы Педро Чиривелья шақырту алды.
«Панатинаикостың» «Қайратқа» қарсы матчқа арналған құрамы:
Иньяки Пенья, Константинос Коцарис, Христос Гейтонас, Давиде Калабрия, Триандафиллос Цапрас, Георгиос Кирьякопулос, Стефан де Врей, Рик ван Дронгелен, Эрик Палмер-Браун, Георгиос Катрис, Этьен Камара, Кингс Кангва, Имран Луза, Педро Чиривелья, Сотирис Контурис, Панайотис Биниарис, Висенте Таборда, Факундо Пельистри, Сантино Андино, Ливай Гарсия, Эндрюс Тетте, Сириль Дессерс, Эльмин Растодер және Ясон Нембис.
Грекиялық команда 20 қазан күні таңертең Қазақстанға ұшып келеді. «Панатинаикос» жалпы кезеңнің алғашқы турында Босния мен Герцеговинаның «Борац» клубын 2:1 есебімен жеңді. Афины командасына Сириль Дессерс пен Кингс Кангваның голдары жеңіс әкелді.
Ал «Қайрат» Конференциялар лигасындағы алғашқы кездесуін Латвияның «Ригасына» қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Алматы клубының жалғыз голын бесінші минутта пенальтиден Марк Гуаль соқты.
Еске салайық, «Қайрат» пен «Панатинаикос» арасындағы кездесу 22 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.