«Панатинаикос» «Қайратты» жеңгеннен кейін клубтық рекорд орнатты

«Панатинаикос» ФК
Афиналық «Панатинаикос» УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда алматылық «Қайратты» 5:1 есебімен жеңіп, еурокубоктердегі тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Бұл жеңіс «Панатинаикостың» Конференциялар лигасындағы ең ірі сырт алаңдағы жеңісі атанды. Сондай-ақ бұл нәтиже грек клубының еурокубоктер тарихындағы ең ірі қонақтағы жеңістерінің қатарына енді.
Клубтың бұған дейінгі рекорды 1992 жылдың 16 қыркүйегінен бері сақталып келген. Сол күні «Панатинаикос» УЕФА кубогының бірінші кезеңінде румыниялық «Электропутере» командасын 6:0 есебімен тас-талқан еткен.
Осылайша, афиналық клубқа 34 жыл бұрынғы нәтижені қайталау үшін тағы екі гол жетіспеді. Ал төрт гол айырмасымен жеңіске жету «Панатинаикос» тарихында бұрын да болған. 2024 жылдың тамызында грек командасы болгариялық «Ботевті» 4:0 есебімен ұтқан.
Айта кетейік, бұл жеңіс «Панатинаикостың» Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі қатарынан екінші жеңісі болды. Грек клубының еншісінде алты ұпай бар. Ал «Қайрат» екі турдан кейін бір ұпаймен қалды.