Парагвайда Германияны жеңгеннен кейін демалыс күні жарияланды

Фото: ФИФА
Парагвай президенті Сантьяго Пенья 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында ұлттық құраманың Германияны жеңуіне байланысты 30 маусымды ұлттық демалыс күні деп жариялады.
«Парагвай ешқашан берілмейді! Демалыс күні, қарғыс атсын!» – деп мемлекет басшысы әлеуметтік желілерде жазды.
Парагвай заңнамасына сәйкес, атқарушы билік жыл сайын қосымша үш демалыс күнін жариялай алады. Бұған дейін Пенья бұл құқығын 2025 жылдың қыркүйегінде пайдаланған еді, сол кезде ұлттық құрама 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын.
Еске сала кетейік, Германияға қарсы матчта есепті Хулио Энсисо ашқан, алайда Кай Хаверц таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта Жонатан Таның автоголы VAR араласуынан кейін есепке алынбады. Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында парагвайлықтар жеңіске жетті. 1/8 финалда Парагвай құрамасы Франция мен Швеция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.