Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: instagram.com/khamitovyg

Фото: instagram.com/khamitovyg

Қазақстандық спортшы, биатлоннан Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов Абу-Дабиде өткен пара-джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс 2026 жылғы Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship халықаралық турнирі аясында ұйымдастырылды.

Ербол Хамитов күлгін белбеу иегерлері арасында Men’s Para Jiu-Jitsu санатының A3 класында өнер көрсетті.

Финалда қазақстандық спортшы америкалық Растин Хьюзді 13:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Күміс медаль АҚШ өкілі Растин Хьюзге бұйырса, қола жүлдені бразилиялық Джексон Рибейро иеленді.

Еске салайық, Ербол Хамитов 2026 жылы Миланда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында биатлоннан алтын, ал шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алған болатын.