Паредес ӘЧ финалындағы жанжалдан кейін алғаш рет пікір білдірді

Фото: AFA
Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Леандро Паредес 2026 жылғы әлем чемпионаты финалынан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
Финалда Аргентина құрамасы қосымша уақытта Испаниядан 0:1 есебімен жеңілді. Ойын аяқталғаннан кейін алаңда жаппай жанжал туындап, оған қатысқандардың бірі Паредес болды.
Өз мәлімдемесінде аргентиналық футболшы Испания ойыншыларымен болған қақтығыс туралы айтпай, тек командадағы әріптестері мен жанкүйерлерге алғыс білдірумен шектелді.
«Рақмет, Аргентина! Мен сені бүгін де, әрдайым жақсы көремін. Бүгін бұл сөздерді ауыр көңілмен жазып отырмын, өйткені елімізге лайық қуаныш сыйлай алмадық. Соған қарамастан, біз бар күшімізді салғанымыз үшін және туымызды тағы да ең биік деңгейге көтергеніміз үшін зор мақтаныш сезінемін.
Осы құраманың бір бөлігі болған барлық жандарға рақмет. Әр матчта соңғы секундқа дейін осы түстер үшін күрескен командаға алғыс айтамын. Мен үшін Аргентина тарихындағы ең үздік құраманың бір мүшесі болу үлкен мәртебе», – деп жазды Паредес Instagram желісінде.
Бұған дейін жартылай қорғаушы қызыл қағаз алғаны хабарланған болатын. Кейін оның күшін жоюы мүмкін деген ақпарат тарады, алайда ФИФА бұл мәліметті жоққа шығарды.