Парнасс Хукерді дебютінде нокаутқа түсірді: Париждегі UFC турнирінің барлық нәтижесі

2026 жылғы 5 қыркүйекте Парижде UFC Fight Night 287 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде француз файтері Саладин Парнасс UFC-дегі дебютін өткізді. Оның қарсыласы – ұйымның жеңіл салмақтағы топ-15 рейтингінде тұрған тәжірибелі Жаңа Зеландия өкілі Дэн Хукер.
Парнасс Хукерге мүмкіндік бермей, жекпе-жекті бірінші раундта аяқтады. Француз қарсыласының денесіне қатты соққы жасап, Хукерді есеңгіретіп жіберді. Парнасс осы сәтті пайдаланып, торға жақын жерде шабуылын жалғастырып, қарсыласын қол соққыларымен нокаутқа түсірді. 28 жастағы француз үшін бұл мансабындағы ең маңызды жеңістердің бірі болды.
Негізгі кардтағы тағы бір жекпе-жекте қазақстандық Нұрсұлтан Рузибоев британдық Майкл Пейджбен кездесті. Жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Төрешілердің үшеуі де жеңісті Пейджге беріп, есепті 29:28 деп тіркеді. Осылайша Рузибоев 15 минуттық жекпе-жекте қарсыласына жол берді.
Аксель Сола да өз жанкүйерлерінің алдында сәтті өнер көрсетті. Француз файтері Фарес Зиамды бірінші раундта ауыр нокаутқа түсірді.
Даниил Донченко Пунахеле Сорианоны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Ал ресейлік Лосене Кейта Мухаммад Наимовты оң қолымен жасаған қуатты оверхенд соққысынан кейін нокаутқа жіберді.
Негізгі кардтағы басқа жекпе-жектерде Кертис Кэмпбелл Тревор Пикті үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.
Ал алдын ала карда Марио Пинто Райан Спэннді екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Модестас Букаускас Умар Сиді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, камбэк жасады. Матье Лето Дюкло Луис Фелипе Диасты бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Павел Андруска, Фелипе Лима, Фабиа Синтес және Нора Корнолл жекпе-жектерін төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақта Дельфин Бенуаиш София Монтенегроны екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.
UFC Fight Night 287 турнирінің барлық нәтижесі
Негізгі кард:
- Саладин Парнасс Дэн Хукерді жеңді – ТКО, 1-раунд.
- Аксель Сола Фарес Зиамды жеңді – КО, 1-раунд.
- Майкл Пейдж Нұрсұлтан Рузибоевты жеңді – төрешілердің бірауызды шешімі, 29:28, 29:28, 29:28.
- Даниил Донченко Пунахеле Сорианоны жеңді – төрешілердің бірауызды шешімі, 30:27, 30:27, 29:28.
- Кертис Кэмпбелл Тревор Пикті жеңді – тұншықтыру әдісі, 3-раунд.
- Лосене Кейта Мухаммад Наимовты жеңді – КО, 1-раунд.
Алдын ала кард:
- Фелипе Лима Морган Шарьені жеңді – төрешілердің бірауызды шешімі, 30:27, 30:27, 30:27.
- Марио Пинто Райан Спэннді жеңді – ТКО, 2-раунд.
- Модестас Букаускас Умар Сиді жеңді – ТКО, 2-раунд.
- Павел Андруска Натаниэль Вудты жеңді – төрешілердің бірауызды шешімі, 30:27, 30:27, 29:28.
- Фабиа Синтес Майкл Альджаруджды жеңді – төрешілердің бірауызды шешімі, 29:28, 29:28, 29:27.
- Нора Корнолл Клаудия Сигуланы жеңді – төрешілердің бірауызды шешімі, 30:27, 30:27, 30:27.
- Матье Лето Дюкло Луис Фелипе Диасты жеңді – КО, 1-раунд.
- Дельфин Бенуаиш София Монтенегроны жеңді – тұншықтыру әдісі, 2-раунд.