Пэдди Пимблетт Топуриямен жекпе-жек үшін титулдық мүмкіндікке де дайын

Фото: ufc.com
Ұлыбританиялық UFC жауынгері Пэдди Пимблетт ұйымның бұрынғы чемпионы Илия Топуриямен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туса, титулдық айқастан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.
Британдық спортшы бұрынғы жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионымен кездесуді қалайды.
«Топуриямен жекпе-жек үшін титулдық айқастан бас тартуға дайынмын ба? Әрине, дайынмын! Алдымен Бенуа Сен-Дениді екі раунд ішінде нокаутқа түсіремін деп үміттенемін, содан кейін жыл соңына дейін тағы бір рет октагонға шығғым келеді. Бірақ Топурияның 2026 жылдың соңына дейін қайта жекпе-жекке дайын болатынына күмәнім бар. Меніңше, Илияға бірнеше ота жасатуға тура келеді. Егер оның бетіне операция қажет болса, онда ол келесі жылға дейін айқасқа шықпайды», – деді Пимблетт The Independent басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Илия Топурия соңғы жекпе-жегінде кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, Ақ үйде өткен UFC турнирінде Джастин Гэтжиге техникалық нокаутпен жол берген еді.
Пэдди Пимблеттің аралас жекпе-жектегі кәсіби көрсеткіші 23 жеңіс және 4 жеңіліс.