Басты бет
·
Бокс

Пейдж UFC-ден кеткен соң Misfits Boxing-пен келісімшартқа отырды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Британдық файтер Майкл «Веном» Пейдж мансабын Misfits Boxing бокс промоушенінде жалғастырады.

39 жастағы спортшының ұйыммен келісімшартқа отырғаны Лондонда өткен турнир кезінде жарияланды.

«Мен жекпе-жек спортында ұзақ уақыттан бері өнер көрсетіп келемін. Осы уақыт ішінде алдымда көптеген мүмкіндік болды. Алайда Misfits Boxing маған өте қолайлы. Олар өзгелерден ерекшеленеді, айналасында ерекше атмосфера бар әрі үлкен жекпе-жектер ұйымдастырады. Мансабымның жаңа кезеңін бастауға қуаныштымын. Бокс әлеміне өз мүмкіндігімді көрсеткім келеді», – деді Пейдж ұйымның ресми баспасөз хабарламасында.

Әзірге британдық файтердің жаңа ұйымдағы алғашқы жекпе-жегінің қашан өтетіні және қарсыласының кім болатыны белгісіз.

Еске салайық, Пейдж UFC-ден кеткен болатын. Ол промоушенде өткізген алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жетті. Соңғы рет октагонға 5 қыркүйекте шығып, Нұрсұлтон Рузибоевты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.

Пейдж UFC-ден кеткен соң Misfits Boxing-пен келісімшартқа отырды – sport-hub