Пеле артта қалды: Кейн әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Харри Кейн әлемдік футбол тарихында өз есімін жазуды жалғастырып келеді.

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Конго ДР құрамасына қарсы матчта Англия капитаны екі гол соғып, командасының 2:1 есебімен жеңіске жетуіне басты үлес қосты.

Бұл дубль шабуылшыға тек келесі кезеңге жолдама ғана емес, сонымен қатар жаңа тарихи жетістік сыйлады. Енді Кейннің әлем чемпионаттарындағы гол саны 13-ке жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол төрт бірдей әлем біріншілігінде 12 рет гол соққан аңыз Пеледен асып түсті.

Еске сала кетейік, ширек финалға шығу үшін англиялықтар Мексика құрамасымен кездеседі. Матч 6 шілдеде өтеді.