Пепе «Реал Мадридке» оралып, Жозе Моуриньюның бапкерлік штабына енуі мүмкін
Бөлісу

Реал Мадрид
«Реал Мадрид» клубының экс-ойыншысы Пепе корольдік клубқа қайта оралуы мүмкін
Барлық жағдай Флорентино Перестің мадридттік клубтың президенті қызметінде қалуына және Жозе Моуриньюді бас бапкер етіп тағайындауына жақындап келеді.
Журналист Рамон Альварес де Монаның хабарлауынша, Моуриньюдің штабында ассистенттердің бірі ретінде мадридтік клубта 2007–2017 жылдар аралығында доп тепкен әйгілі экс-қорғаушы Пепе болуы ықтимал. Пепе кәсіби ойын мансабын небәрі екі жыл бұрын аяқтаған. Оның соңғы клубы «Порту» болды. Биыл ақпанда португалиялық футболшы 43 жасқа толды.
Айта кетейік, Жозе Моуринью бұған дейін 2010–2013 жылдары «Реал Мадридті» басқарған. Ал жақын арада ол «Бенфикадан» кетіп, Мадридке қайта оралуы мүмкін екені айтылуда.