Басты бет
·
Футбол

Покатилов капитан ретінде алаңға шыққан матчта «Сабах» ірі есеппен жеңілді

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін Әзербайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда сырт алаңда Норвегияның «Викингінен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні Ставангер қаласындағы «Люсе Арена» стадионында өткен кездесуде Покатилов негізгі құрамда алаңға шығып, команда капитаны ретінде ойынға қатысты.

11-минутта Умарали Рахмоналиевтің пасынан кейін Орфе Мбина есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Алайда 27-минутта Эрик Ботхейм таразы басын теңестірді.

Екінші таймның 69-минутында төреші «Викингтің» пайдасына пенальти белгіледі. Златко Трипичтің соққысын Стас Покатилов қайтарғанымен, норвегиялық футболшы допты қайталап соғып, өз командасын алға шығарды.

81-минутта Хенрик Фальханер бұрыштамадан кейін баспен гол соғып, есеп айырмасын ұлғайтты. Ал қосымша уақыттың төртінші минутында Ботхейм дубль авторы атанып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, кездесуді алғашқы болып голмен бастаған «Сабах» жауапсыз төрт доп өткізіп, Чемпиондар лигасындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.

Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 4-тур

«Викинг» (Норвегия) – «Сабах» (Әзербайжан) – 4:1

Голдар: Мбина, 11 (0:1), Ботхейм, 27 (1:1), Трипич, 69 (2:1), Фальханер, 81 (3:1), Ботхейм, 90+4 (4:1).

Покатилов капитан ретінде алаңға шыққан матчта «Сабах» ірі есеппен жеңілді – sport-hub