Покатилов ойнайтын клуб Әзербайжан чемпионатында жеңіске жетті

Бекарыс Әлімхан··
«Сабах» ФК

«Сабах» ФК

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін Бакудің «Сабах» клубы Әзербайжан Премьер-лигасының бесінші турында «Шафаны» жеңді.

Кездесу қонақтардың 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. 25-минутта Патрик Орфе Мбина «Сабахты» алға шығарды. Арада бес минут өткенде Абдулах Хайбулаев елдің қазіргі чемпионының басымдығын еселеді. Ал 69-минутта Велко Шимич соңғы есепті белгіледі.

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов «Сабахтың» матчқа өтініміне енгенімен, алаңға шыққан жоқ. Ал чемпионаттағы бұған дейінгі «Зире» клубына қарсы кездесуде ол толық 90 минут ойнап, қақпасын голдан аман сақтаған еді (5:0).

Бес турдан кейін «Сабах» 12 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Бұған дейін команда Әзербайжан чемпионаты мен Кубогын жеңіп, клуб тарихындағы алғашқы «алтын дубльге» қол жеткізген. Сонымен қатар «Сабах» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде дебют жасады.

Келесі турда «Сабах» 19 қыркүйекте өз алаңында «Имишлиді» қабылдайды.

Покатилов ойнайтын клуб Әзербайжан чемпионатында жеңіске жетті – sport-hub