Полина Иванова Азия ойындарында Қазақстанға тарихи қола медаль әкелді

Фото: Никита Басов
Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдегер атанды.
Спортшы 4,15 метр нәтижесін көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Дәл осындай нәтижені Үндістан өкілі Бараника Элангован да көрсетті. Осылайша, Иванова үндістандық спортшымен қола медальді бөлісті.
Бұл Қазақстан үшін Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы сырықпен секіруден жеңіп алған тарихтағы алғашқы медаль болды.
Қазақстан ерлер арасындағы сырықпен секіруден соңғы медальді бұған дейін Григорий Егоров арқылы иеленген. Ол 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарында жарыс жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелген.