Португалия – Конго ДР: бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Осы сәтте футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының K тобының 1-туры аясында Португалия мен Конго ДР құрамалары арасындағы матч өтіп жатыр.

Командалар АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «NRG Stadium» стадионында ойнап жатыр. Есеп – 1:1.

45+5-минутта Конго ДР шабуылшысы Йоан Висса айып алаңына жасалған пастан кейін есепті теңестірді. Бұған дейін, 6-минутта жартылай қорғаушы Жоау Невеш сол қапталдан жасалған навестен кейін баспен гол соғып, Португалияны алға шығарған болатын.

K тобының 2-туры аясында Португалия Өзбекстанмен (23 маусым), ал 3-турда Колумбиямен (28 маусым) кездеседі. ДР Конго 2-турда Колумбиямен (24 маусым), 3-турда Өзбекстанмен (28 маусым) ойнайды. Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина.