Португалия – Конго ДР құрамаларының негізгі құрамы

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Бүгін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының K тобының 1-туры аясында Португалия мен Конго ДР құрамалары арасында матч өтеді.

Ойын АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «NRG Stadium» стадионында өтеді және Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Командалардың бастапқы құрамдары:

Португалия: Кошта, Канселу, Араужу, Вейга, Мендеш, Невеш, Витинья, Бруну Фернандеш, Бернарду Силва, Педру Нету, Криштиану Роналду.

Конго ДР: Мпаси-Нзо, Ван-Биссака, Туанзебе, Капюади, Мбемба, Масуаку, Мукау, Мутуссами, Кайембе, Бакамбу, Висса.

K тобының 2-турында Португалия құрамасы Өзбекстанмен (23 маусым), ал 3-турда Колумбиямен (28 маусым) кездеседі.

ДР Конго 2-турда Колумбиямен (24 маусым), ал 3-турда Өзбекстан құрамасымен (28 маусым) ойнайды.