Португалия мен Конго ДР арасындағы ойынға бейнешолу

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші турында күтпеген жерден ұпай жоғалтып, Конго ДР командасымен 1:1 есебімен тең түсті.

Португалиялықтар есепті 6-минутта Жоау Невештің дәл соққысы арқылы ашты. Алайда үзіліске дейін Йоан Висса есепті теңестіріп, Конго ДР құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голын соқты.

Ойын барысында Криштиану Роналдуға ерекше назар аударылды. Ол алаңда толық матч өткізді, бірақ нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Бірінші турдан кейін екі команда да бір ұпайдан еншіледі. Келесі ойында Португалия 23 маусымда Өзбекстан құрамасымен кездеседі, ал Конго ДР бір күннен кейін Колумбияға қарсы ойнайды.

Ойыға бейнешолуды осы сілтеме арқылы көре аласыз.