Португалия соңғы минуттарда Хорватияны жеңіп, ӘЧ-ның 1/8 финалына шықты
Бөлісу

Фото: Getty Images
3 шілде күні 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия құрамасы драмалық кездесуде Хорватияны жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Әлем чемпионаты-2026. 1/16 финал
Португалия – Хорватия – 2:1 (0:0)
Голдар: Перишич, 53’ (0:1), Роналду, 68’ (пен.) (1:1), Рамуш, 90+4’ (2:1).
Матчтың соңғы сәттерінде хорваттар ойынды қосымша уақытқа жеткізуге өте жақын болды. Йошко Гвардиол португалиялықтардың қақпасына гол соқты, алайда бейнеқайталау нәтижесінде офсайдқа байланысты бұл гол есепке алынбады.
Енді Португалия құрамасы 1/8 финалда бұған дейін Австрияны 3:0 есебімен сенімді түрде жеңген Испания құрамасымен кездеседі.