Басты бет
·
Футбол

ПСЖ «Лионды» жеңіп, Франция чемпионатында көш бастады

Бекарыс Әлімхан··
ПСЖ

ПСЖ

Францияның ПСЖ клубы Лига 1 чемпионатының сегізінші турында «Лионды» 2:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Франция чемпионаты. Лига 1. 8-тур

ПСЖ – «Лион» – 2:0

Голдар: Маюлю, 72; Годтс, 84.

Кездесудің бірінші таймы алаң иелерінің басымдығына қарамастан голсыз аяқталды. Қонақтар да қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алайда париждіктердің қақпашысы Матвей Сафонов өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Үзілістен кейін ПСЖ бас бапкері Луис Энрике шабуыл шебін күшейту үшін бірнеше ойыншыны алмастырды. 57-минутта Жоау Невештің орнына Мика Годтс алаңға шықса, 65-минутта Ферран Торресті Сенни Маюлю алмастырды. Кейін дәл осы футболшылар жеңіске зор үлес қосты.

72-минутта Годтстың пасынан кейін Маюлю дәл соққы жасап, есеп ашты. Арада 12 минут өткенде бельгиялық вингердің өзі Кентен Нджантудың нәтижелі пасын голға айналдырып, матчтың қорытынды есебін белгіледі. Бұл Годтстың ПСЖ сапындағы алғашқы голы болды.

Осы жеңістен кейін ПСЖ сегіз матчта 17 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Париждік клуб екінші орында тұрған «Ренннен» бір ұпайға озып тұр. Ал 14 ұпайы бар «Лион» бесінші орынға сырғыды.

Сонымен қатар ПСЖ барлық турнирдегі жеңісті сериясын қатарынан сегіз матчқа дейін ұзартты.