Басты бет
·
Футбол

«Қайрат» 8:1 есебімен жеңіп, УЕФА Жастар лигасының екінші кезеңіне өтті

Аружан Талғат··
Фото: «Қайрат» ФК Академиясы

Фото: «Қайрат» ФК Академиясы

Алматылық «Қайрат» U-19 командасы УЕФА Жастар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы Чемпиондар жолының бірінші кезеңінде Черногорияның «Младость Донья-Горица» клубын 8:1 есебімен жеңді.

Алматыда өткен қарымта матчта Торэ Исмағұлов 5-минутта есеп ашты. Ал 28-минутта Дәулет Орынбасар пенальтиден көзге түсіп, командасының басымдығын арттырды.

Бірінші тайм аяқталғанша Артур Трубин екі гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді.

Екінші таймда қонақтардан Петар Пантич 70-минутта бір голдың қарымтасын қайтарды. Алайда «Қайрат» көп ұзамай тағы үш гол соқты. 76-минутта Данияр Ташпулатов, 79-минутта Абылай Төлеухан мергендік танытты.

87-минутта «Младость» ойыншысы Эди Никочевич алаңнан қуылды. Бұдан кейін Нұржан Еркін пенальтиді сәтті орындаса, қосымша уақытта Абылай Жилкаидар матчтың соңғы голын соқты.

Осылайша, «Қайрат» 8:1 есебімен жеңіске жетіп, УЕФА Жастар лигасының екінші кезеңіне жолдама алды.

УЕФА Жастар лигасы. Чемпиондар жолы. Бірінші кезең. Қарымта матч

«Қайрат» U-19 (Қазақстан) – «Младость Донья-Горица» (Черногория) – 8:1 (4:0).

Голдар: Торэ Исмағұлов (5), Дәулет Орынбасар (28, пенальти), Артур Трубин (37, 42), Данияр Ташпулатов (76), Абылай Төлеухан (79), Нұржан Еркін (88, пенальти), Абылай Жилкаидар (90+1) – Петар Пантич (70).

Қызыл қағаз: Эди Никочевич («Младость», 87).

«Қайрат» 8:1 есебімен жеңіп, УЕФА Жастар лигасының екінші кезеңіне өтті – sport-hub