«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундындағы ықтимал қарсыластарын білді

Бегасыл Амирбай ··
«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундындағы ықтимал қарсыластарын білді

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундындағы ықтимал қарсыластарын білді. Турнирдің келесі кезеңіне жеребе 17 маусым күні өтеді.

Егер Қазақстан чемпионы бірінші іріктеу раундында черногориялық «Сутьесканы» жеңсе, екінші кезеңде мына командалардың бірімен кездеседі: Загребтің «Динамосы», словакиялық «Слован», словениялық «Целе», кипрлік «Омония», израильдік Беэр-Шева қаласының «Хапоэлі» немесе «Борац» (Босния және Герцеговина) – «Левски» (Болгария) жұбының жеңімпазы.

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундындағы матчтар 21 және 22 шілдеде өтеді, қарымта ойындар 28 және 29 шілдеге жоспарланған.

Егер «Қайрат» «Сутьескадан» жеңілсе, команда УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу раундына өтеді. Бұл жағдайда алматылықтардың қарсыласы келесі жұптардың жеңілген командаларының бірі болады: «Петрокуб» (Молдова) – «Эгнатия» (Албания), «МЛ Витебск» (Беларусь) – «Университатя» (Крайова, Румыния) немесе «КИ Клаксвик» (Фарер аралдары) – «Атерт-Биссен» (Люксембург).

Конференциялар лигасының екінші іріктеу раундындағы ойындар 23 және 30 шілдеге белгіленген.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундындағы ықтимал қарсыластарын білді – sport-hub