«Қайрат» Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі матчтарын өткізетін болды

Aibar Rysdaulet··
Фото: ФК Кайрат

Фото: ФК Кайрат

УЕФА Алматының «Қайрат» клубының Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі матчтар кестесін бекітті.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері алғашқы ойынын 15 қазанда сырт алаңда Латвияның «Рига» командасына қарсы өткізеді. 22 қазанда алматылық клуб өз алаңында Грекияның «Панатинаикосын» қабылдайды.

5 қарашада «Қайрат» Италияға барып, «Аталантаға» қарсы ойнайды. Одан кейін қазақстандық команда қатарынан екі үй матчын өткізеді. 26 қарашада шведтің «Мьельбю» клубымен, ал 10 желтоқсанда Румынияның Крайова қаласынан «Университатя» командасымен кездеседі.

Негізгі кезеңдегі соңғы матч 17 желтоқсанда өтеді. «Қайрат» бұл ойында Нидерландта «Твентеге» қарсы алаңға шығады.

Еске салайық, «Қайрат» биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Алматы клубы үшінші кезеңге дейін жетіп, плей-оффта Еуропа лигасына жолдама үшін таласты. Алайда бұл кезеңде жеңіліп, еурокубок жолын Конференция лигасында жалғастыратын болды.