«Қайрат» – «Омония»: алматылықтар пенальтиде жеңісті жұлып алды

Али Асетов··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматының «Қайрат» клубы Кипрдің «Омония» командасын пенальти сериясында жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті.

Алғашқы матчта 0:1 есебімен жеңілген қазақстандық клубқа камбэк қажет болды. 37-минутта Эдмилсон гол соғып, екі ойын қорытындысы бойынша есепті теңестірді.

Негізгі уақыт «Қайраттың» минималды басымдығымен аяқталды. Қосымша уақытта «Омония» екі ойыншысынан айырылып, тоғыз адаммен қалды. Алайда алматылықтар сан басымдығын пайдалана алмады.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сәтте «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков шешуші рөл атқарып, екі соққыны қайтарды. Нәтижесінде алматылық клуб 6:5 есебімен жеңіске жетіп, турнирдегі жолын жалғастырды.

Матчтың бейнешолуын осы сілтеме арқылы көруге болады.