«Қайрат» – «Омония»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» пен кипрлік «Омония» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта кездеседі.

Ойын 29 шілде күні Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Freedom SuperApp» қосымшасы мен «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сонымен қатар ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасында live режимінде бақылауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесуде «Қайрат» «Омонияға» 0:1 есебімен есе жіберген болатын. Матчтағы жалғыз әрі жеңіс голын жартылай қорғаушы Панайотис Андреу соқты.

Айта кетейік, осы екі матчтың жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Левски» (Болгария) – «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.