«Қайрат» – «Омония» матчының төрешілер бригадасы тағайындалды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Ryan Hiscott / Getty Images

Фото: Ryan Hiscott / Getty Images

УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен кипрлік «Омония» арасындағы қарымта матчқа төрешілер бригадасын бекітті.

Қарымта ойын 29 шілдеде Алматыда өтеді. Алғашқы кездесу кипрлік клубтың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.

Кездесудің бас төрешісі болып норвегиялық Рохит Сагги тағайындалды. Оның көмекшілері – Андерс-Олав Дале мен Уле-Андреас Хаукосен. Төртінші төреші міндетін Мариус Хансен-Гретта атқарады. VAR жүйесіне италиялық Микаэль Фаббри жауап береді, ал оның ассистенті норвегиялық Кристоффер Хагенес болады.

Айта кетейік, егер «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтсе, болгариялық «Левски» мен румыниялық «Университатя» (Крайова) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал «Омониядан» өте алмаған жағдайда, алматылық клуб Еуропа лигасының үшінші кезеңінде өнер көрсетеді. Онда «Қайраттың» ықтимал қарсыласы – «Мьёльбю» (Швеция) мен «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбындағы жеңілген команда болмақ.