«Қайрат» «Ордабасыны» жеңді: ҚПЛ көшбасшылары матчының бейнешолуы

Али Асетов··
«Ордабасы» ФК

«Ордабасы» ФК

Қазақстан Премьер лигасының 19 турындағы орталық матчта «Қайрат» өз алаңында «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді.

Алматылықтар есепті 14-минутта ашты. Жоржиньо Матаның пасынан кейін Марк Гуаль әуедегі күресте басым түсіп, допты қақпаға бағыттады.

87-минутта Ойва Юккола алыстан дәл соққы жасап, алаң иелерінің басымдығын арттырды. Қосымша уақытта «Ордабасы» Бьорн Йонсеннің голының арқасында есеп айырмасын қысқартты, алайда жеңілістен құтыла алмады.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 45 ұпай жинап, КПЛ-де бірінші орынға шықты. Ал «Ордабасы» 43 ұпаймен екінші орында қалып отыр.

«Қайрат» – «Ордабасы» матчының бейнешолуы осы сілтемеде.