«Қайрат» – «Панатинаикос» матчына төрешілер тағайындалды

Фото: Getty Images
Алматының «Қайрат» клубы мен Грекияның «Панатинаикос» командасы арасындағы Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур матчын нидерландылық төрешілер бригадасы басқарады.
Кездесудің бас төрешісі болып Аллард Линдхаут тағайындалды. Оған алаңда отандастары Йохан Балдер мен Дион Фиккерт көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Сандер ван дер Эйк атқарады. VAR жүйесіне Эрвин Бланк жауап берсе, оның көмекшісі Алекс Бос болады.
Матч 22 қазанда Алматыда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Екі команда да турнирдің алғашқы турында ұпай жинаған. «Қайрат» сырт алаңда латвиялық «Ригамен» 1:1 есебімен тең түсті. Ал «Панатинаикос» өз алаңында Босния және Герцеговинаның «Борац» клубын 2:1 есебімен жеңді.