«Қайрат» пен «Семей» футзалдан ЧЛ негізгі кезеңіндегі қарсыластарын білді

Аружан Талгат··
«Қайрат» АФК

«Қайрат» АФК

Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жеребе тартылып, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның екі клубы ел чемпионы «Қайрат» пен вице-чемпион «Семей» өз қарсыластарын білді.

«Қайрат» 2-топта өнер көрсетеді. Бұл топта алматылық клуб бельгиялық «Андерлехт», румыниялық «Юнайтед Галати» және латвиялық «Бейтар» командаларымен кездеседі. Топтық ойындар 27 қазан мен 1 қараша аралығында Бельгияда өтеді.

Ал «Семей» испаниялық «Барселона», словакиялық «Лученец» және швейцариялық «Минерва» клубтарымен бір топқа түсті. Бұл топтың матчтары да 27 қазан мен 1 қараша аралығында, бірақ Словакияда ұйымдастырылады.

Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне шығатын командалар анықталады. 1/8 және 1/4 финалдар екі матчтық жүйе бойынша өтсе, турнир жеңімпазы дәстүрлі «Төрттік финалда» белгілі болады.

Еске салайық, өткен маусымда екі қазақстандық клуб та турнирдің ширек финалына дейін жеткен еді. «Қайрат» испаниялық «Картахенаға» екі матчтың қорытындысы бойынша 5:9 есебімен есе жіберсе, «Семей» француздық «Этуальдан» 6:8 есебімен жеңілді.