«Қайрат» Қазақстанның еурокубоктардағы табысы бойынша топ-25 қатарына енуіне үлес қосты

Фото: «Қайрат» ФК
Қазақстан 2025/2026 жылғы еурокубок маусымында өзіне қарасты клубтар тапқан жүлделік қаржажат бойынша Еуропа қауымдастықтары арасында 21-орынға тұрақтады.
УЕФА турнирлерінің негізгі кезеңінде ел намысын қорғаған жалғыз ғана команда алматылық «Қайрат» қорғады. Қазақстандық клуб еурокубоктардағы ойындар нәтижесінде 21,2 миллион еуро табыс тауып, ел қоржынына қомақты қаржы әкелді.
Алдын ала қаржылық есептерге сәйкес, Қазақстан Еуропадағы ең көп табыс тапқан 25 қауымдастықтың қатарына енді. Рейтинг көшін Англия бастады. Ағылшын клубтары жалпы саны 676 миллион еуро табыс тапқан. Үздік бестікке сондай-ақ Испания (446,2 миллион еуро), Германия (386,8 миллион еуро), Италия (315,7 миллион еуро) және Франция (310,7 миллион еуро) енді.
Жаңа еурокубок маусымында Қазақстан атынан төрт клуб өнер көрсетеді. «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Ал «Астана», «Тобыл» және «Елімай» ұжымдары өз жорығын Конференция лигасының іріктеу кезеңінен бастайды.