«Қайрат» ҚПЛ-де көш бастады

Insta: f.c.kairat
Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 20 туры аясында Қызылодалық "Қайсар" өз алаңында Алматының "Қайрат" командасын қабылдады.
Кездесу қонақтардың жылдам голымен қыза түсті. Небәрі 1 минут 12 секунд ішінде Алматылық суперталант Дастан Сатпаев гол соғып, есеп ашты.
Үзіліске дейін алаң иелері таразы басын теңестіруге қанша тырысса да есеп өзгермеді. «Қайсар» шабуылшысы Әлияр Мұхаммед соққан екі гол да ойыннан тыс қалуы себепті есепке алынбады. Екінші таймда Виктор Мозестің алаңға енуімен «қасқырлар» ойыны жүре бастады. Айта кету керек, ел біріншілігінде алғаш рет Лондондық «Челсидің» бұрынғы және болашақ өкілдері бір-біріне қарсы ойнады. Дегенмен, Сатпаевтың голына Мозес емес Айбол Әбікен жауап қатты. 71 минутта Айболдың 40 метрден қақырата тепкен добы «Қайрат» қақпасында тулап қалды.
77 минутта Дастан Сатпаев пенальтиден Алматылықтарды есепте алға шығара алмады. Ал 79 минутта қонақ команда сапында дөрекі ойнаған финдік жартылай қорғаушы Яакко Оксанен екінші рет ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.
Матч тағдыры 88 минутта шешілді. Азамат Тұяқбаевтың бұрыштамадан әуелеткен добын «Қайрат» капитаны Александр Мартынович сәтті түйіндеп, өз командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, Алматылық «Қайрат» біріншіліктегі 6 шы жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесінде 21 ұпаймен жеке-дара көш бастады.
Айта кетейік, бұл «Қайраттың» Қызылордада өткен соңғы 5 ойындағы алғашқы, жалпы тарихтағы он бесінші жеңісі («Қайсарда» 12 жеңіс). Соңғы рет екі команда 2026 - Қазақстан Кубогінің 1/8 финалы аясында кездесіп, ол кезде «Қайсар» 2:1 есебімен жеңіп, ширек финал кезеңіне өткен еді.